Қазақстандық гимнаст Милад Карими Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында еркін жаттығудан күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды http://Sportbugin.kz.
Отандасымыз спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы еркін жаттығудың финалында өнер көрсетіп, қорытынды есепте екінші орынға ие болды.
Осылайша, Қазақстан бұл бағдарламада 32 жылдан кейін қайтадан Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды. Соңғы рет 1994 жылы Хиросимада өткен додада Сергей Федорченко екінші орын алған еді.
Милад Карими үшін бұл — Азия ойындарындағы еркін жаттығудан алған алғашқы медаль. Ол 2018 жылы Джакартада осы бағдарлама бойынша бесінші орын иеленген.
