Семсерлесуші Кирилл Проходов Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Шпагадан жекелей сында бақ сынаған отандасымыз финалда Жапония өкілі Коки Каномен кездесіп, 13:15 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Кирилл Проходов қарсыласы Коки Кано — шпагадан Токио және Париж Олимпиада ойындарының чемпионы.
