Боксшы Алуа Балқыбекова Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп жазады Sportbugin.kz.
51 келіге дейінгі салмақта ширек финалға шығу үшін өткен кездесуде отандасымыз Үндістан өкілі Сакшимен жұдырықтасты.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің 3:2 есебіндегі шешімімен Алуа Балқыбекова жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық боксшы Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды.
