Наталья Богданова Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында жартылай финалдық жекпе-жегінде жеңіліс, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
75 келіге дейінгі салмақта Богданова Үндістан өкілі Ловлина Боргохаин кездесті.
Алғашқы раундта үш төреші қазақстандық боксшыға басымдық берді. Екінші раундта бес төрешінің барлығы үндістандық спортшының жеңісін белгіледі. Шешуші раундта Богданова бірнеше рет дәл соққы жасады. Алайда төрешілер жеңісті үндістандық боксшыға берді.
Осылайша, Ловлина Боргохаин финалға шықса, Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Богданова бұған дейін 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында 66 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленген. Осылайша, қазақстандық боксшы Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері атанды.
