Алуа Балқыбекова Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
Екі дүркін әлем чемпионының қарсыласы Вьетнам өкілі Ти Тан Нгуен болды.
Жекпе-жудің алғашқы раундында Нгуен белсенділік танытып, төрешілердің бағалауымен 4:1 есебімен алға шықты. Екінші раундта да вьетнамдық боксшы осы басымдықты сақтап, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Үшінші раундта Алуа Балқыбекова есепті қысқартуға тырысқанымен, Нгуен оны да 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Осылайша, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Ти Тан Нгуенге берілді. Нәтижесінде Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасынан жартылай финалға Алуа Балқыбекова мен Наталья Богданова шыққан болатын.
