Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында еркін күрестен қазақ балуандарының алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Ризабек Айтмұхан Азия ойындарындағы алғашқы белдесуін Тәжікстан балуанына қарсы өткізеді.
Егер отандасымыз алғашқы қарсыласынан басым түссе, келесі кезеңде оны жарыс қожайыны Араш Йошида күтуі мүмкін.
Айта кетейік, бұл топта Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, ирандық балуан Амир Али Азарпира да бар.
