Тамирлан Тілеулес таеквондодан Азиаданың финалына жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандық спортшы 58 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында оңтүстіккореялық Ан Хянсикпен кездесті.
Тартысты жекпе-жекте Тамирлан 2:1 есебімен жеңіске жетіп, ақтық сынға жолдама алды.
Тамирлан Тілеулестің финалдағы қарсыласы Курт Брайан Барбоса (Филиппин) болмақ.
