Таеквондошы Тамирлан Тілеулес Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
58 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз ақтық сында Филиппин спортшысы Курт Брайан Барбосамен кездесіп, жеңіске жетті.
Осылайша, Тамирлан Тілеулес Қазақстан спортшылары арасында Азия ойындарында таеквондодан алтын медаль жеңіп алған алғашқы спортшы атанды.
Тамирлан жарысты Оман өкілі Нибрас Аль-Тукиге қарсы өткізіп, оны 2:0 есебімен жеңді. Ширек финалда әлем чемпионы, Иран спортшысы Абольфазл Зандиден басым түсті.
Жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Хаянсик Анмен кездескен қазақстандық таеквондошы тартысты жекпе-жекте 2:1 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
Ал ақтық сында Филиппин спортшысы Курт Брайан Барбосаны жеңіп, Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтын жүлдесін салды.
Бұл — Қазақстан таеквондосы үшін тарихи жетістік.
