Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарын еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан жүлдесіз аяқтады, деп жазады Sportbugin.kz.
97 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз ширек финалда жапониялық Араш Йошидамен кездесіп, қарсыласына 1:11 есебімен жол берді.
Айтмұхан жапониялық балуаннан қатарынан төртінші рет жеңіліп отыр. Бұған дейін Йошида Ризабекті Азия чемпионаттарында екі рет және 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында жеңген болатын.
Ризабек Айтмұханның Азиададағы жолын жалғастыруы Йошиданың нәтижесіне байланысты еді. Алайда жапониялық балуан финалға шыға алмады.
Осылайша, Ризабек Айтмұханға Азия ойындарының жүлдесі бұйырмады.
