Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан аралас командалық жарыстың финалына жолдама алды, деп жазадыhttp://Sportbugin.kz.
Жартылай финалда қазақстандық дзюдошылар Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Белдесулер барысында екі команда да кезек-кезек жеңіске жетіп, есеп бірнеше рет теңесті. Негізгі кездесулерден кейін жеңімпаз анықталмаған соң, шешуші белдесуге шығатын салмақты анықтау үшін жеребе тартылды.
Нәтижесінде жеребе +70 келі салмағына түсті. Қазақстан атынан татамиге шыққан Аида Тойшыбекова шешуші белдесуде жеңіске жетіп, құрамамызды Азия ойындарының финалына шығарды.
Осылайша, Қазақстан дзюдодан аралас командалық сында Азия ойындарының алтыны үшін таласады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үшін бұл — Азия ойындарындағы дзюдодан аралас командалық жарыстағы тарихи нәтиже.
