Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында күрестен қазақстандық балуандардың бірде-бірі финалға шыға алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
Балуандар грек-рим және еркін күрестен жалпы 4 қола жүлде иеленді.
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта Мейіржан Шермаханбет қола жүлдеге қол жеткізді.
Ал еркін күрестен 65 келіде Начын Куулар, 74 келіде Нұрқожа Қайпанов және 125 келіде Едіге Қасымбек қола жүлде еншіледі. Еркін күрестен басты үміттеріміз — Азамат Дәулетбеков пен Ризабек Айтмұхан жарысты жүлдесіз аяқтады.
Осылайша, Қазақстан балуандары Азия ойындарында алтынсыз қалды.
Айта кетейік, грек-рим күресінен отандық балуандардың Азиададағы соңғы алтыны 2014 жылы Нұрмахан Тінәлиевке бұйырған. Ал еркін күрестен Қазақстан 32 жылдан бері Азия ойындарының чемпионын шығара алған жоқ. Бұл спорт түрінен алғашқы және соңғы алтынды 1994 жылы Мәулен Мамыров иеленген.
