Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Жапонияда өтіп жатқан
Азия ойындарында жекелей көпсайыстың финалында өнер көрсетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Төрт жаттығудың қорытындысы бойынша Ақмарал Ерекешева 108,000 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды. Ол шығыршықпен жаттығуда 28,900, доппен 27,300, ұршықтармен 25,200, таспамен 26,600 ұпай еншіледі.
Тағы бір отандасымыз Айбота Ертайқызы 106,200 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады. Оның шығыршықпен жаттығудағы нәтижесі — 27,250, доппен — 26,450, ұршықтармен — 25,700, таспамен — 26,800 ұпай.
Алтын медальді 112,950 ұпай жинаған Өзбекстан өкілі Тахмина Икромова жеңіп алды. Қытайлық Ван Ци (110,050) күміс, Ван Цзылу (109,200) қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, Қазақстан өкілдері жекелей көпсайыста үздік бестікке енді.
