Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақта Қазақстан өкілі Шерзод Давлатов жартылай финалда әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Рюдзу Нагаямаға қарсы татамиге шықты.
Белдесу қорытындысында Шерзод Давлатов жапониялық дзюдошыны жеңіп, әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
Осылайша, қазақстандық спортшы енді әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі.
Финалда Шерзод Давлатов Әзірбайжан өкілімен кездеседі.
