Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасының өкілдері Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева жарысты алғашқы айналымнан кейін аяқтады.
48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абиба Әбужақынова Мерве Азакпен белдесті. Париж Олимпиадасының жүлдегері алғашқы минуттарда 1:0 есебімен алда болғанымен, жекпе-жектің соңына қарай қарсыласына иппонмен жол берді.
Осылайша, 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Әбужақынова да әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінен кейін жарысты аяқтады.
Айта кетейік, Ғалия Тынбаева бұған дейін Астанада өткен Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алған.
