Жапонияда өткен Азия ойындарында Иран балуаны Аббас Эбрахимзаде жеңілістен кейін көз жасына ерік берді, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақта Аббас Эбрахимзаде қола жүлде үшін жапониялық балуанмен кездесіп, тартысты белдесуде 2:3 есебімен жеңілді.
Бұл жағдайға байланысты Өзбекстанның грек-рим күресінен бас бапкері Рустам Ассакалов өз пікірін білдірді.
«Мен бүгінгі таңда Иран құрамасын әлемдегі ең үздік команда деп санаймын. Олардың балуандары жеңіліске күлімсіреп, жеңіл-желпі қарамайды. Олар жеңілісті үлкен өкінішпен қабылдайды. Себебі туған-туыстарының, бапкерлерінің және елінің үмітін ақтай алмағанын сезінеді.
Сондықтан біз де бұл іске бар болмысымызбен берілуіміз керек. «Тұғыр» деген сөзді естігенде көзімізге жас үйірілуі тиіс. Тек осылай ғана өз мүмкіндігімізді толық жүзеге асыра аламыз», —
деп жазды Рустам Ассакалов.
