Жапониялық дзюдошы, Токио Олимпиадасының чемпионы Ута Абэ Бакуде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ута Абэ 52 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда жапон спортшысы испаниялық Ариане Торо Солерден басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Бұл — Ута Абэнің әлем чемпионатындағы алтыншы жеңісі. Ол бұған дейін 2018, 2019, 2022, 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы болған.
52 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге испаниялық Аюми Лейва Санчес пен италиялық Одетте Джуффрида ие болды.
Айта кетейік, Бакудегі әлем чемпионатының жеке жарыстары 10 қазанға дейін жалғасады. Ал 11 қазанда аралас командалық жарыс өтеді.
