Жапонияда өткен Азия ойындарында қазақ боксшылары үздік үштіктен көрінді, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы бокстан Азия ойындарын 2 алтын және 3 қола жүлдемен аяқтады.
Ерлер арасында 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан, ал аса ауыр салмақта Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды. 55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан қола жүлдеге ие болды.
Әйелдер арасында Наталья Богданова мен Алуа Балқыбекова жарысты қола медальмен аяқтады.
Жалпыкомандалық есепте Үндістан 3 алтын және 3 қола медальмен бірінші орын алды. Екінші сатыға 2 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлде еншілеген Өзбекстан орналасты. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 қола жүлдемен үздік үштікті түйіндеді.
