Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ерлер арасында -73 келі салмақта бақ сынаған Аңсарбек Ғайнуллин алғашқы белдесуінде Еуропа чемпионатының қола жүлдегері француз Дайян Булемтафеспен кездесті.
Тартысты өткен жекпе-жек негізгі уақытта жеңімпазды анықтамай, қосымша уақытқа (golden score) жалғасты. Нәтижесінде француз дзюдошысы жеңіске жетті.
Белдесуден кейін Аңсарбек Ғайнуллин жарысқа тыңғылықты дайындалғанын айтып, шешуші сәтте кеткен қателігіне тоқталды.
«Жарысқа барлық жағынан дайын келдім. Бір ғана қателікке бой алдырып, ерте аяқтауға мәжбүр болдым. Айтарға сөз жоқ», — деді.
Айта кетейік, Баку қаласындағы әлем чемпионаты 12 қазанға дейін жалғасады. Биылғы додаға 93 мемлекеттен 622 дзюдошы қатысып жатыр.
