Ресейлік БАҚ Софья Самоделкинаны Ресей азаматы ретінде көрсетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалының әйелдер арасындағы қысқа бағдарламасында Софья Самоделкина 69,45 ұпаймен үшінші орын алды.
Алайда жарыс нәтижесін жариялаған ресейлік БАҚ әлеуметтік желідегі парақшаларында Самоделкинаның азаматтығын Ресей деп көрсеткен.
Айта кетейік, Софья Самоделкина 2023 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді.
