Кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағамбет Эр-Рияд қаласында кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Екінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз осы уақытқа дейін өткізген 16 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, оның 14-ін нокаутпен аяқтаған. Енді қазақстандық боксшы рингке 17-рет шығады.
Бек Нұрмағамбеттің бұл жолғы қарсыласы — мексикалық тәжірибелі боксшы Маркос Васкес Родригес. Оның еншісінде 21 жеңіс пен үш жеңіліс бар.
Айта кетейік, Сауд Арабиясында 31 қазанда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альварес пен Кристиан Мбилли WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Бек Нұрмағамбет бұған дейін де «Канело» лақап атымен танымал Сауль Альварестің қатысуымен өтетін бокс кештерінде өнер көрсеткен. Сондай-ақ қазақстандық боксшы Лас-Вегаста үш рет жекпе-жек өткізіп, Альварес қатысқан бокс кештерінің андеркардында жұдырықтасқан.
