АҚШ-та өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының екі балуаны финалға жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айбек Айтбеков жартылай финалда украиналық қарсыласын 5:4 есебімен жеңіп, шешуші белдесуге шықты.
Ал 72 келіге дейінгі салмақта белдескен Юсуф Ашрапов жартылай финалда түркиялық Ибрагим Өздемирден 5:0 есебімен басым түсті. Отандасымыз қарсыласын алғашқы минутта-ақ жеңіп, финалға жолдама алды.
Енді қос балуан әлем чемпионы атағы үшін бозкілемге шығады.
