Дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Шерзод Давлатов шаңырақ көтерді, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз Бакуде өткен әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасына жалғыз жүлдені сыйлады.
Сондай-ақ Шерзод Давлатов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған әлемдік рейтингінде 15 сатыға жоғарылап, үздік ондыққа енді. Қазір оның еншісінде 3263 ұпай бар. Ол рейтингте тоғызыншы орында тұр.
