Айбек Айтбеков АҚШ-та өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалда ол осыған дейінгі U23 әлем чемпионы, әзербайжандық Эльмир Алиевтен басым түсті.
Айбек Айтбеков шешуші белдесуге дейін ресейлік Алибек Амировты, жапониялық Сэйма Токухараны және украиналық Евгений Поковбаны жеңді.
Айта кетейік, биыл Айбек Айтбеков 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатында да топ жарған болатын.
