Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының екі балуаны бір күнде әлем чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақта белдескен Айбек Айтбеков финалда әзербайжандық Елмир Алиевті 13:4 есебімен жеңді. Ал 72 келіде сынға түскен Юсуф Ашрапов шешуші белдесуде Армения өкілі Гаспар Тертеряннан 4:3 есебімен басым түсті.
Қазақстандық қос балуанның жеңісіне Біріккен күрес әлемі (UWW) де ерекше назар аударды. Халықаралық күрес ұйымы әлеуметтік желідегі парақшасында:
«Қайырлы таң, қазақ елі! Сіздерде грек-рим күресінен U23 санатындағы екі жаңа әлем чемпионы бар!» — деп жазды.
