Темірлан Тұрдақын АҚШ-та өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда ирандық Ясин Әли Яздиге қарсы белдесті. Тартысты өткен белдесуде қарсыласы 4:0 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Ал Темірлан Тұрдақын әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Темірлан Тұрдақын шешуші кезеңге дейін 1/8 финалда Венесуэла өкілі Брайан Руис Мариннен басым түссе, ширек финалда түркиялық Альперен Берберді жеңді.
Ал жартылай финалда ресейлік Александр Крикухтан айласын асырып, әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
