Қырғызстандық балуан Эрназар Акматалиев Астанада өтіп жатқан күрестен Әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол ресейлік Ибрагим Ибрагимовпен белдесіп, 2:5 есебімен жеңіліп қалды.
Финалдық белдесуден кейін күміс жүлдегер көз жасына ерік беріп, өз эмоциясын жасыра алмады.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанның тағы бір өкілі Мәлік Шаваев 86 келіде қола жүлдеге ие болған еді.
