Мейрамбек Қартбай Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Монх-Эрдэнэ Батхуягқа 8:10 есебімен жол берді.
Осылайша, Мейрамбек Қартбай әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық балуан алғашқы айналымда мексикалық Роман Браво-Янгтан 2:5 есебімен жеңілген болатын. Алайда қарсыласының финалға шығуына байланысты жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алған еді.
