Нұрқожа Қайпанов Астанада өткен күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда ресейлік Иналбек Шериевпен белдесіп, 4:10 есебімен жеңілді.
Осылайша, Нұрқожа Қайпанов елордада өткен әлем біріншілігін күміс медальмен аяқтады.
Айта кетейік, отандасымыз 2024 жылы 70 келі салмақта әлем чемпионы атанған. Сонымен қатар 2019 жылы әлем чемпионатының күміс, ал 2025 жылы қола жүлдесін иеленген.
