Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандық дзюдошы Сенегал астанасы Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарып, алтын медаль иеленді.
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда португалиялық София Гаспарды жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, Фатима Сұпығалиева жарыс барысында ширек финалда Коста-Рика өкілі Химена Моралес Гамбоаны иппонмен ұтса, жартылай финалда словакиялық Вивьен Вадовицовадан басым түсті.
Осылайша, қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер Олимпиадасының алтын жүлдегері атанды.
