Тараз қаласында бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
Ел үздіктері анықталатын біріншілікте бірқатар танымал боксшы шаршы алаңға шықпайды. Атап айтқанда, Санжар Тәшкенбай, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Сабыржан Аққалықов және Нұрбек Оралбай биылғы ел чемпионатында бақ сынамайды.
Біздің мәлімет бойынша, Санжар Тәшкенбайдың жарыстан тыс қалу себебі әзірге белгісіз. Ал Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Сабыржан Аққалықов пен Нұрбек Оралбай жарақатына байланысты қатыспады.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан және Айбек Оралбай Азия ойындарынан кейін босатылған.
