«Астананың» бұрынғы бас бапкері Роман Григорчук Одессаның «Черноморецінен» кетуі мүмкін.
Football 24 мәліметіне сүйенсек, клубтың бас бапкеріне ковалевкалық «Колос» қызығушылық танытқан. Сайт хабарлуынша, «Колос» президенті команданың осы маусымдағы нәтижелеріне (қазіргі уақытта 9-орын) көңілі толмайды және одан да биік мақсаттарға қаржы жұмсауға дайын.
Командадағы өзгерістер жаттықтырушылар штабына да әсер етеді. Команданың қазіргі бапкері Ярослав Вишняк бас бапкер қызметінен кетуі мүмкін, ал оның орнына Григорчук келуі ықтимал.