Алматыда өткен таеквондодан (WT) ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында қызылордалық Айша Әділбекқызы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Жеңістен қуанышын жасыра алмаған Айшаның «Мама, мен чемпионмын!» деген сөзі мен шынайы эмоциясы көпшіліктің жүрегін елжіретті.
Бір сәттік қуаныштың артында қаншама еңбек, төгілген тер мен анасының ақ тілегі жатыр. Чемпионның ең үлкен қуанышы — жеңісін анасымен бөлісу.
