Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте велоспорттағы қазіргі жағдайға тоқталып, Александр Винокуровтың қызметіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Айта кетейік, Александр Винокуров 2013 жылдан бері әлемдік турдағы «Астана» (қазіргі XDS Astana Team) велокомандасын басқарып келеді.
«Александр Винокуров — біздің даңқты спортшымыз. Қазіргі мақсатымыз — велокомандадағы қазақстандық спортшылардың санын көбейту. Бүгінде команда құрамында екі қазақ велошабандоз бар.
Жалпы, нәтижелеріміз бұрынғы кезеңмен салыстырғанда төмендеп кетті. Иа, Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алдық. Алайда бұл Олимпиада да мұндай нәтиже көрсете алмадық.
Біз талап қоямыз. Ал сол талаптар орындалмаса, тиісті пікірімізді білдіреміз», — деді Ербол Мырзабосынов.
