Өзбекстан бокс федерациясының бас хатшысы Миршохид Тиллабоев World Boxing халықаралық ұйымының вице-президенті қызметіне сайланды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
20 қарашада Панама-Ситиде World Boxing ұйымының кезекті конгресі өтті. Жиында ұйымның вице-президентін сайлау мәселесі қаралды.
Бұл лауазымға Өзбекстан бокс федерациясының бас хатшысы Миршохид Тиллабоев үміткер ретінде ұсынылып, дауыс беру қорытындысы бойынша қарсыластарынан басым түсті. Сайлауға әлемнің 95 ұлттық бокс федерациясының өкілдері қатысты.
Осылайша, Тиллабоев World Boxing ұйымының жоғары басшылық қызметіне тағайындалған алғашқы өзбекстандық өкіл атанды. Айта кетейік, бұл орынға қазақстандық спорт функционері Рауан Игенев те үміткер болған.
Еске салайық, 2025 жылдың қараша айынан бері World Boxing ұйымының президенті қызметін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин атқарып келеді.
