World Boxing ұйымы ерлер арасындағы ересектер боксына шлемді қайта енгізу туралы ұсынысты қабылдамады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл мәселе 20 қарашада Панамада өткен ұйым конгресінде дауысқа салынды. Алайда бастама федерация өкілдерінің қажетті дауысының үштен екісін жинай алмаған.
Осылайша, қолданыстағы ереже өзгеріссіз қалды. Ересектер арасындағы ерлер боксында спортшылар жекпе-жекке шлемсіз шыға береді.
Айта кетейік, шлемді 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап, соның ішінде 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеу кезеңіндегі жарыстарда да міндеттеу ұсынылған еді.
