Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Дохада өтіп жатқан UFC Fight Night 294 турнирінде жеңіліс тапты, деп жазады Sportbugin.kz.
Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (30-27, 30-27, 29-28) Хоригучи жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін осы турнирдің алдын ала кардында тағы бір қазақстандық спортшы Дияр Нұрғожай жеңіске жетті. Ол екінші раундтың басында америкалық Алик Лоренцті (8-3) техникалық нокаутпен жеңген болатын.
