Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай Дохада өтіп жатқан
UFC Fight Night 294 турнирінде америкалық Алик Лоренцті жеңді, деп жазады Sportbugin.kz.
Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Екінші раундтың басында Нұрғожай қарсыласына соққылар сериясын бағыттап, төрешіні кездесуді тоқтатуға мәжбүр етті. Осылайша, ол техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұл Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі бесінші жекпе-жегі болды. Аталған жеңіс оның кәсіби ММА мансабындағы 13-жеңісі саналады.
