Алан Құрманғалиев Түркияда үстел теннисінен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз жұптық сында Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетті. Қазақстандық-ирандық жұп жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшыларымен кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліс тапты.
Осылайша, Алан Құрманғалиев пен Беньямин Фараджи әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Айта кетейік, Алан Құрманғалиев 2022 жылы да жастар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алған болатын. Ол аралас жұптық сында чемпион атанса, жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізген.
