Боксшы Төрехан Сабырхан Олимпиададан кейін кәсіби боксқа ауысу туралы алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы боксшы Sport Talks Podcast арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Төрехан бала кезінен ағасы Махмұд Сабырхан секілді чемпион болуды армандағанын жеткізді. Ал бүгінде бүкіл әлемге танылған Геннадий Головкиннің жолын жалғастырып, кәсіби бокста одан да биік белестерді бағындырғысы келеді.
«Бала кезімнен ағам Махмұд сияқты чемпион болуды армандадым. Қазір бүкіл әлем Головкинді таниды, ол кәсіби бокста өзін дәлелдеді. Менің мақсатым — одан асып түсу. Бірақ мұның бәрі Олимпиададан кейін белгілі болады», — деді Төрехан Сабырхан
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан — 2025 жылғы World Boxing ұйымының әлем чемпионы және 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы.
