Күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатына дайындалуда. Бұл туралы бас бапкер Мадияр Құрамысов айтты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
97 келі салмаққа ауысқан Ризабек ел чемпионатының финалында Әлішер Ерғалиден ұтылған болатын.
«Ризабек бабында. Ол әлі өседі. Деңгейі, болашағы бар», — деді бас бапкер.
Айта кетелік, ел чемпионатында жеңіліс тапқан соң, Ризабек Бішкекте өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне қатыса алмайды. Ол Азия чемпионатында бақ сынап көреді.