Бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлері 63,5 келі салмақтағы жолдама мәселесін шешу үшін боксшылар арасында өзара ресми спарринг өткізеді. Бұл туралы федерацияның кеңесшісі Жалғас Түкешов хабарлады, деп жазады Sportbugin.kz.
Спаррингтік кездесулер Астана қаласында өтпек. 63,5 келі салмақта Таиландта өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысу үшін алты боксшы өзара бақ сынайды.
Олар:
Ертуған Зейнуллинов — Азия ойындарының қатысушысы
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Қазақстан Спартакиадасының жеңімпазы
Серік Теміржанов — әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Дулат Бекбауов — Азия және әлем біріншілігінің күміс жүлдегері
Жандос Қыдыралинов — халықаралық турнир жүлдегері
Төрехан Сабырхан — жасөспірімдерарасындағы Азия чемпионы
Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан ерлер командасы жеті салмақтың алтауында Олимпиада жолдамасын еншіледі. Енді бір салмақтың мәселесінн Таиландтағы соңғы турнирде шешуге тырысады.
Айта кетелік, жазғы Азия ойындарында Ертуған Төренов лицензияға таласып, жеңіліс тапты. Ал Италиядағы іріктеу турнирінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы сәтсіз өнер көрсеткен еді.