8-10 сәуір күндері Астанада өтетін бокстан спаррингтік турнирге қатысатын спортшылар тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан бокс федерациясы хабарлағандай, әйелдер боксынан әлем чемпионы, еліміздің он дүркін чемпионы Дина Жоламан 54 келіде бақ сынайды.
Одан бөлек, 2019 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері Милана Сафронова да 66 келіде жұдырықтасатын боксшылар санын көбейтті.
Осылайша, Ангелина Лукас бас тартқан турнирге тағы екі боксшымыз қосылып отыр.
Спаррингтік турнирде жеңіске жеткен спортшылар Таиландта өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысады.