Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия біріншілігінде екі қазақ балуаны финалға шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
63 келі салмақта Ержет Жарылқасын финалға жолдама алды. Ол турнир барысында Оңтүстік Корея, Сауд Арабия және Солтүстік Корея балуандарын жеңді. Финалда Ержет жапондық Аята Сузукимен белдеседі.
87 келі салмақтағы Нұрсұлтан Тұрсынов жартылай финалда өзбек балуанын 9:0 есебімен ұтты. Финалда Тұрсыновты ирандық Насер Гасем Ализаде күтуде.
Тап осы балуан былтырғы Азия чемпионатының финалында Тұрсыновты айқын басымдықпен жеңген болатын.