Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия біріншілігінде грек-рим күресінің өкілі Ержет Жарылқасын чемпион атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
63 келі салмақта сынға түскен Ержет Жарылқасын финалда жапондық Аята Сузукимен кездесіп, жеңіске жетті.
Тартысты белдесу 6:6 есебімен тең аяқталса да, әдіс сапасы жөнінен Ержет жеңімпаз деп танылды.
Бұл Ержер Жарылқасынның ересектер арасындағы алғашқы жүлдесі. Бұған дейін ол ұлттық құрама сапында ірі жарыстарға қатыспаған.
Құттықтаймыз!
Фото: Olympic.kz