Дзюдодан Гонконгте өтіп жатқан Азия чемпионатында Ғалия Тынбаева қола медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
48 келідегі қола медаль үшін таласта екі қазақстандық спортшы- Ғалия Тынбаева мен Абиба Әбужақынова кездескен болатын.
Аталған белдесуде Тынбаева «ваззари» ұпайымен жеңіске жетті. Бұған дейін екі спортшы Португалиядағы Гран-при турнирінде жолығып, Абиба басым түскен еді.
Биыл өзі қатысқан жарыстардың бәрінен жүлде алған Абиба Әбужақынова құрлық додасын медальсіз аяқтап отыр.