Бішкекте өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде үш спортшымыз жартылай финалға сүрінбей жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
50 келідегі Лаура Ғаниқызы жартылай финалда үндістандық Винеш Винешпен белдеседі.
53 келідегі Жұлдыз Ешімова Солтүстік Корея өкілі Хуогуонг Чойға қарсы шығады.
Ал 76 келідегі Жәмила Бақбергенова қытайлық Вангпен жолдаманы сарапқа салады.
Эмма Тисина (57 келі), Ирина Кузнецова (62 келі) және Елена Шалыгина (68 келі) жарысты ерте аяқтады.
Фото: Нұрғали Жұмағазы