Күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды. Бішкек төрінде қазақстандық грек-рим күресі шеберлері 3 жолдама жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан сапынан Айдос Сұлтанғали (60 келі), Демеу Жадыраев (77 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді.
Өкінішке қарай, 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет жартылай финалда жапон балуанына есе жіберді.
97 келідегі Олжас Сырлыбай бірінші кезеңде жеңіліс тапты.
Юрий Мельниченко шәкірттерінде жалпы есебі 4 лицензия бар.