Гонконгта дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Аталған сынды Қазақстан құрамасы алтынсыз аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Команда қоржынында күміс медаль да жоқ. Соңғы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы аралас командалық жарысқа қатысып, қола медаль иеленді. Біздің спортшылар жартылай финалда Жапонияға есе жіберіп, қола медаль үшін күресте Түркменстанды 4:2 есебімен ұтқан.
Айта кетелік, дзюдодан Қазақстан ерлер командасы жекелей сында бір қола иеленді. 66 келідегі Жанарыс Рахметқали алғаш рет көзге түскен.
Әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Эсмигуль Куюлова (63 келі) үздік үштікке енді.
Қазақстандық дзюдошылардың келесі бәсекесі — Душанбедегі Grand Slam турнирі болмақ.