10-12 мамыр күндері Астанада өтетін дзюдодан Олимпиада алдында соңғы лицензиялық Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне әйелдер құрамасының үздігі Абиба Әбужақынова қатыспайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Спортшы Олимпиадалық рейтингте ұпайын түгендеп алғандықтан, әлем чемпионатында өнер көрсетуді мақсат етіп отыр.
Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында өтетін дзюдодан Әлем чемпионаты 19-23 мамыр аралығында өтеді.