Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Эльжана Таниева Париж Олимпиадасына жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Таниева көпсайыстан алтын медаль жеңіп алды. Ал құрлыққа бөлінген жалғыз жолдаманы тек жеңіске жеткен спортшы ғана иеленеді.
Таниева жалпы есепте 133.40 ұпай жинап, көш бастады. Күміс медальді Өзбекстан, қоланы Жапония спортшысы иеленген.
Қазақстандық Айбота Ертайқызы турнирді бесінші орынмен аяқтады.
Айта кетелік, Эльжана Таниева бас бапкер Әлия Юсупованың жетекшілігімен жаттығады.
Фото: Сали Сабиров